384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алдағы күндері еліміздің көптеген облысында күн жылиды

  • 942
  • UPD: 23:51, 29.01.2018

Алдағы күндері Атлант мұхиты мен Қара теңіз аймағынан жылы және ылғалды ауа массасы келіп, еліміздің көптеген облысында күн жылиды.

Сондай-ақ батыс және солтүстік өңірлерде қар жауады. Ал республиканың шығысы, оңтүстігі және оңтүстік-шығысында 1 ақпан күні қар жаууы мүмкін. Дегенмен еліміздегі ауа райына суық және күшті антициклон әлі де ықпал етуде. Осыған байланысты республиканың көп аумағында ауа температурасы климаттық нормадан -8, -15 градус, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда -17, -22 градус төмен болып тұр.

Мөлдір Есқалиева, «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі: 

– Астана қаласы бойынша алдағы үш күнде жауын-шашынсыз. 30 қаңтарда түнде -26, -28 градус, ал күндіз -15, -17 аяз. 31 қаңтарда түнде -22, -24, күндіз -10, -12 градус суық. 1 ақпанда түнде -18, -20 болса, күндіз -10, -12 градус суықтықты құрайды. Алматы қаласы бойынша алдағы үш күнде жауын-шашынсыз.

Хабар 24 телеарнасы