380,84 420,44 6,06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысына оңтүстіктен көшкен отбасылардан халық көмегін аямайды

  • 833
  • UPD: 23:40, 11.02.2018

Елге ел қосылса – құт. Қостанай облысындағы Москалёв ауылы оңтүстіктен қоныс аударған отбасылармен толығып, өрісі кеңейіп келеді. Себебі мұнда тұрақты жұмыс, жайлы баспана бар. Әлеуметтік жауапкершілігін айқын сезінген жергілікті шаруашылық тұрғындардан көмегін аяған емес. Бірлігі мен тірлігі жарасқан құтты мекенде «Рухани жаңғыру»  аясында да атқарылған істер жетерлік.

Әйгілі асылтұқымды «Әулиекөл» тұқымын шығарған Москалев ауылына былтыр Қызылорда облысынан мемлекеттік бағдарламамен екі отбасы көшіп келді. Солардың бірі – Алмат Нүрпейісов. Келісімен бақташы болып жұмысқа орналасты. Айтуынша, жергілікті халық қоныс аударушыларды кең пейілмен қарсы алған.

Алмат Нұрпейісов, қоныс аударушы:

- Үймен қамтып жатыр. Күзді күні келдік ғой. Отын, су деген жағынан да көмектесіп жатыр басшылары. Ең бастысы, екі қолға бір күрек бар, жұмыс бар, айлық уақытылы. Шүкір, жаман емес.

Москалев – еңбеккер мекен. Егін егіп, мал бағады. Қазір жергілікті шаруашылықта 120 адам тұрақты жұмыс істейді. Екі жүзге тарта ауласы бар ауылдың жем-шөбін, әлеуметтік нысандардың күтімін де серіктестік өз жауапкершілігіне алған. 

Базарбай Жаңбыршинов, шаруашылықтың атқарушы директоры:

- Көмек көрсетіп жатырмыз жергілікті мектепке. Өйткені, балаларға көрсетілген көмек – ол елдің болашағы үшін. Қыс бойы тазартылатын жол осы ауыл ішінде, біздің мойнымызда. Су осы 45 шақырым жерде екі станциямыз бар, оны да ұстап отырмыз.

Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі. «Рухани жаңғыруда» айтылған үндеу ауыл тұрғындарынан бірден қолдау тапты. Оның айқын дәлелі – мектеп ішінен ашылған музей. Оны жасақтауға шаруашылық 2 млн теңгеге жуық қаражат бөлді.

Сейтбек Қарағұлов, тарихшы-өлкетанушы:

- Республикаға танымал үлкен мекен болған, Әулиекөл табанындағы негізгі асылтұқым «Әулиекөл» республикаға танымал негізгі бренд болып есептеледі, осыған еңбек еткен малшылардың, ел басқарған азаматтардың кейінгі ұрпаққа тәлім-тәрбие болсын деген мақсатпен осыны қолға алдық.

Өлкетану дәрістері осы залда өтеді. Мұндағы жәдігерлер саны да күн сайын толығу үстінде. Болашақта ауылдағы бос тұрған ғимараттардың бірін музейге айналдыру да жоспарда тұр.

Авторлары: Абылай Мауданов, Ермек Мұхамедияров

Хабар 24 телеарнасы