389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тұрғын үйге қатысты мәселелерді TopКSК қосымшасы арқылы электронды форматта шешуге болады

  • 474
  • UPD: 21:40, 19.02.2018
Тұрғын үйге қатысты мәселелерді TopКSК қосымшасы арқылы электронды форматта шешуге болады Фото:

Цифрлық технологиялар қазақстандықтардың өміріне дендеп еніп келеді.

«Президент өз Жолдауында осы мәселеге айрықша әрі дер кезінде көңіл бөліп отыр», – дейді Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының мамандары. Бұл туралы республика қалаларында енгізіліп жатқан жаңалықтарды сараптау кезінде айтылды. Жаңа технологиялар әсіресе әлеуметтік және тұрғын үй саласында көбірек байқалады. Басты міндет – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, өмір сүруге ыңғайлы жағдай жасау. Сарапшылар Алматы әкімдігі мен прокуратурасындағы қоғамдық қабылдаулардың құрылу ерекшелігін сөз етті. Сондай-ақ Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент және Ақтөбеде қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында әртүрлі электронды жобалар енгізілетіні айтылды.

Мадина Нұрғалиева, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Бас директорының орынбасары:

– Қазір TopКSК (топ КСК) қосымшасы бар. Яғни тұрғын үйге қатысты өтініштерді қосымша көмегімен жіберіп, өз мәселеңізді электронды форматта шеше аласыз. Астанадағы «Сергек» бейнебақылау жүйесін алыңыз. 13 мың фото және бейнекамера бір ортақ жүйеге біріктірілген. Бұл қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, әртүрлі заңбұзушылықтардың алдын алуға үлкен септігін тигізеді. Қарағанды облысында елімізде алғаш болып электронды денсаулық төлқұжатын енгізу жоспарланып отыр.

Хабар 24 телеарнасы