386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Осыдан 60 жыл бұрын Алматыдан алғаш рет бүкіл елге хабар таратылды

  • 761
  • UPD: 10:40, 21.02.2018

Қазақ даласында алғаш телеарнаның көрсетіле бастағанына биыл - 60 жыл.

1958 жылы наурыздың 8-інде Алматыдан алғаш рет бүкіл елге хабар таратылды. Халық көгілдер экраннан дикторлардың бейнесін көріп, даусын естіді. Дәл сол жылы Өскемен телестудиясы да Алматымен қатар эфиге шықты.

Алтынай Мағзұмова телеарнаға 1985 жылы келген. Алдымен дикторлық байқауға қатысады. Көптеген қыз-жігіттің ішінен таңдап алынып, бірнеше ай іс-тәжірибеден өткен соң қызметке кіріседі. Бастақыда студиядан берілетін хабарларды жүргізіп, 1998 жылға дейін жаңалықтарда диктор болады. Тек диктор ғана емес, аға редактор, жауапты шығарушы қызметтерін атқарады. Телеарнамен қоса облыстық радиода журналистік жұмысты қатар алып жүрді. Қазір де сол қара шаңырақ телеарнада еселі еңбек етіп жүр.

60 жыл ішінде талай тұлға мен тарих таспаланды. Қазір барлығы цифрлық жүйеге көшірліп жатыр. Аға буын еңбек еткен жылдардың қызығы мен қиыншылығы – бүгінгі жастар үшін үлкен естелік.

Алтынай Мағзұмова, Қазақ телевизиясының ардагері:

– Біз эфирге оқитын мәтінді бір жерге алып кетеді. Енді қай жер апаратынын да білмеймін.Тексереді. Қолдарын қояды. Таңбасын соғады. Одан кейін барып, эфирге шығып оқитынбыз. Және де сол берілген мәтіннен еш ауытқу болмау керек. Қазіргі журналистер сияқты өз ойыңды айта айлмайсың. Кейде қолжазбадан оқып жүрген кездер болды.

Алғашқы еңбек жолын радиодан бастаған Әсира Нажмаддинова – бүгінде облыстық арнада аға редактор. 20 жылдан астам еңбек етіп келе жатқан журналист талай жасқа жол жөн сілтеді. Өңірлік телвизияның өсіп-өркендеуі көз алдында өтіп жатыр.

Әсриа Нажмаддинова, «Алтай» телеарнасының аға редакторы:

– 2000 жылдардың бірінші 5 жылдығында күн аралықтан шығатын хабарлардың бәрі күнделікті хабарға ауысты. Екі тілде бірінен кейін бірі жүріп отырды. Бұл да үлкен өзгеріс болатын. Енді осы белестен өтіп келе жатқан қазақ телеарнасының болашағына сенеміз.

Отандық телеиндустрияға тағдырын телігендердің бірі –Владимир Малахов. 1980 жылдары телестудияға механик болып орналасқан маман – бүгінде еліміздегі ең білікті инженер. Алғашқы көшпелі телевизиалық станцияны да басқарды. Телевизия саласындағы барлық форматта жұмыс істеді. Ал соңғы 5 жылда «Хабар» Агенттігінің шығыстағы бөлімінде бас инженер қызметінде.

Владимир Малахов, инженер:

Бүгін ең жоғары санаттағы техникамен жұмыс істеп отырмыз. Қазір техниканың дамығаны сонша оларды байқап үлгермейсің. Бір ғана мысал. Тәулік бойы ақпарат тарататын «Хабар 24» арнасы Орталық Азияда Қазақстанда бірінші ашылды. Осының өзі отандық телеиндустрияның қаншалықты дамығанын көрсетеді.

1970 жылға дейін қазақ елінде бір ғана телеарна болса, бүгінде 100-ден асады. Тарихы 60 жыл бұрын басталған қазақ телевизиясының қарышты қадамы осылай жалғасып келеді.

Авторлары: Олжас Керейхан, Дмиртрий Пыхтин

Хабар 24 телеарнасы