376,73 428.00 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алдағы тәуліктерде еліміздің басым бөлігінде күн суытады

  • 648
Алдағы тәуліктерде еліміздің басым бөлігінде күн суытады

Алдағы үш күнде республиканың басым облыстары биік циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттың әсерінде болады.

Қазақстан аумағынан өтетін атмосфералық фронттар солтүстік бөлігінде қар, оңтүстікте жауын-шашын, соңы қарға айналатын жаңбыр, сонымен қатар тұман, көктайғақ және температураның төмендеуіне алып келеді. Батыс және солтүстік облыстарда температура климаттық нормадан 3-7 С төмен болады, фронттардың өтуіне байланысты қалған аумақта да күн суытады.

12-14 наурызда Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында жауын-жашын болады. Осыған байланысты өзен арналары қысылып (Алматы облысында), жазықтық жерлерде және таулы өзендерде ағын пайда болуы мүмкін. Су деңгейлері көтеріліп, жайылады.

Алматы облысы территориясының 22%-да, Жамбыл облысы территориясының 3%-да, Оңтүстік-Қазақстан облысы территориясының 3%-да қар жамылғысы жатыр.

12-13 наурызда Қызылорда облысында Сырдария өзенінде судың көтерілу қаупі бар.

Ақпарат көзі: Қазгидромет

Хабар 24 телеарнасы