384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Наурызда шаңырақ көтерген ақтөбеліктерге арнайы сый-сияпат жасалды

  • 492
  • UPD: 08:20, 21.03.2018
Наурызда шаңырақ көтерген ақтөбеліктерге арнайы сый-сияпат жасалды

Ақтөбеде азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімі 10 жұптың некесін салтанатты түрде қиып, мерекелік сый-сияпат жасады.

Наурыз жарасым пен жаңарудың мейрамы десек, бұл күндері отбасы құндылықтарын насихаттау заңдылық. Ұлыстың ұлы күнінде шаңырақ көтергендер мұны жақсылықтың нышанына балап отыр. Оларға өмірдегі маңызды күннен естелік ретінде сыйлықтар табыс етілді. Жалпы өткен жылы қалада 5 мыңға жуық неке тіркелген екен. 13 мыңға жуық сәби дүниеге келіп, тиісті құжатын алған. Биыл жыл басынан бері 649 жұп заңды некеге отырған. Мейрам күндері туу туралы куәлік алатын сәбилерге де арнайы сыйлықтар бар.

Мейрамгүл Ықсанова, қалалық АХАТ бөлімінің сектор меңгерушісі:

– Азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімі тек құжат рәсімдеумен айналыспайды. Біздің бірден-бір мақсатымыз –отбасы құндылықтарын дәріптеу, жас жұбайлардың бақытты отбасы болуына барынша ықпал ету. Әрбір мерекеде некені салтанатты түрде тіркеу дәстүрге айналған шара.

Виктор Анненков, қала тұрғыны:

Наурыз мейрамында ел және қала тұрғындарына тек жақсылық тілеймін. Ең бастысы, деніміз сау болсын, еңбекте табысқа кенелейік. Ұлыстың ұлы күнінде некеміздің қиылғанына қуаныштымын.

Хабар 24 телеарнасы