383,35 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте Ұлыстың ұлы күні ұлттық спорт дәріптелді

  • 437
  • UPD: 16:28, 23.03.2018

Шымкенттен ыстық ықыласпен. Наурыз мерекесі күні Шымкентке келген барлық қонақтарға жастар бір десте қызғалдақ пен құттықтау парақшасын тарту етті.

Көктемі ерте келетін өлкенің жастары қонақжайлылықты осылай көрсетті. Олардың бір тобы әуежайда, ал біразы теміржол вокзалында тосын сый жасады. Ал мерекелік бағдарлама қаланың орталығындағы Наурыз алаңында өтті. Миллион тұрғыны бар мегаполистің өнерпаздары жиналған жұртшылықтың көңілінен шығатындай түрлі бағдарлама көрсетті. Әуелетіп ән шырқалды, мың бұралып би биленді. Мерекелік көңілді сезінген көпшілік бір бірін Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап жатты. Ал орталық атшабарда думанды той ұлттық ойындармен жалғасқан. Жүйріктер бәйгеде жарысып, білегі мықтылар бірін бірі аттан аударысты. Ал тақымы бекем жігіттер көкпар тартты. Делебесі қозған жанкүйерлер қыз қууды тамашалады. Осы Наурыздан бастап Шымқалада жаңа дәстүр қалыптасты.

Мұрат Базарқұлов, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы:

- Қала өзінің символы болып табылатын қызғалдақты қалаға келген қонақтарға тарту жасадық. Бұл енді болашақта әр мереке сайын дәстүрлі түрде таратып тұруды жоспарлап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы