386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысының Алға қаласында кәріз суларын тазарту қондырғылары орнатылды

  • 1165
  • UPD: 22:57, 01.04.2018
Ақтөбе облысының Алға қаласында кәріз суларын тазарту қондырғылары орнатылды

Арнайы сүзгілер қалдықтарды жойып, шаһарды қолаңса иістен арылтуы тиіс.

Бұл жобаға облыстық бюджеттен 530 миллион теңге қаржы бөлінген. Жалпы ауданның дамуына өткен жылы 5 миллиард теңге көлемінде инвестиция салынды. Соның есебінен орталық бу қазандығы жаңартылып, автоматтандырылған газ реттеу станциясы іске қосылды. Аудан орталығында баспана құрылысы да белсенді жүргізілуде. Өткен жылы 60 пәтерлік үй пайдалануға берілсе, биылғы мамыр айында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында тағы бір көпқабатты үйдің құрылысы аяқталуы тиіс. Ізінше 600 орындық мектеп те қолданысқа беріліп, келер оқу жылы бүлдіршіндер жаңа ғимаратта білім алатын болады. Болашақта Ақтөбе агломерациясына енетін шаһардың коммуналдық жүйелері заман талабына сай жаңартылуда.

Нұрбол Сұрбаев, Алға қаласының әкімі:

- Өткен жылы кәріз сулары құбырының 9 шақырымы ауыстырылды. Жалпы, Алға қаласының барлық коммуналдық қызметтері жаңартылды. Жаңадан 6 су көзі ашылып, ұңғыма орнатылды. Қала тұрғындары толығымен таза ауызсумен қамтылған.

Хабар 24 телеарнасы