387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде 400 мыңға жуық адам баспанаға мұқтаж

  • 477
  • UPD: 17:33, 03.04.2018
Елімізде 400 мыңға жуық адам баспанаға мұқтаж

Қазақстанда 2 млн 300 мыңға жуық азамат баспана мен тұрғын үй салу үшін жер телімін алуға кезекте тұр.

Соның ішінде 400 мыңға жуық адам баспанаға мұқтаж. Парламент Сенатының депутаты Әли Бектаев Шымкент қаласының автивімен кездесіп, Елбасының бес әлеуметтік бастамасында көрсетілген негізгі бағыттарды жиналғандарға ұғынықты етіп түсіндірді. Белгілі болғандай өткен жылы еліміз тұрғын үй салудан рекордтық көрсеткішке қол жеткізген. Атап айтқанда, 11 млн 200 мың шаршы метр баспана пайдалануға беріліпті. Алайда осының өзі баспанаға мұқтаж жандарды үймен толық қамтуға жеткіліксіз болып отыр. Сондықтан Президенттің қабылдаған «7-20-25» бағдарламасы қарапайым халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. «Осы орайда аудан, қала әкімдері ауылдан қалаға көшіп келіп келетін тұрғындарға қолдау көрсетуі керек. Есепке алып, жұмысқа орналасуына жағдай жасауы керек», – деді Сенатор.

Әли Бектаев, ҚР Парламеті Сенатының депутаты:

– Жалпы әлеуметтік бес бастаманы жүзеге асырған кезде формализмге жол беруге болмайды. Әсіресе түрлі бағдарламалармен үй алып қойған, ипотекамен баспаналы болған азаматтар қайтадан үй алып кетпеуі керек. Осы мәселе өте өзекті. Сондықтан расымен де тұрғындардың арасындағы үйге мұқтаж азаматтар үй алатын болса, сізбен біздің осы бастаманы жүзге асырудағы басты жұмысымыз сол болады ғой деп есептеймін.

Хабар 24 телеарнасы