383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бурабайда педагогикалық жасақтар слеті өтті

  • 481
  • UPD: 11:54, 05.04.2018
Бурабайда педагогикалық жасақтар слеті өтті

Бурабайда 80 студент бала тәрбиесі мен демалысын ұйымдастыру жөнінде тәжірибе алмасты.

Курортты аймақтағы «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында өткен студенттік педагогикалық жасақтардың республикалық слётіне еліміздің 8 қаласынан 8 жасақ қатысты. Төрт күнге созылған шара барысында балалар аталған демалыс орнының педагогикадағы мол тәжірибесіне қанығып, өздерінің жобаларын таныстырды. Әр жасақтың балалар демалысын үйлестіруде әдіс-тәсілдері әртүрлі. Бірі инновациялық жобаларға жүгінсе, енді бірі дәстүрлі әдістемелер тиімді деп санайды.

Эльмира Сауғабекова, студент:

– Бұл жерде біз тәлімгерлерден балаларды қалай тәрбиелеу керек екенін үйрендік. Яғни бізге колледжде үйреткен теориялық білімді тәжірибе жүзінде қолдана алдық. Көптеген жұмыс жасадық. Осы жинаған тәжірибемді мен болашақта қолданамын.

Ақтілек Болатов, студент:

– Жалпы осындай республикалық слетке екінші мәрте қатысуым. Жыл сайынғы слеттер бірінен-бірі асады. Әртүрлі формада болады. Ұйымдастырушы-ұстаз деген өте ауыр қызмет. Мойнымызға үлкен жүк артылады. Себебі біз 30 түрлі отбасының балаларын тәрбиеге аламыз. Яғни олардың әке-шешесі бола алмасақ та, соған ұқсап бағып, кішкене жолға салып, 20 күн немесе 15 күн ертегідей өткізу керек.

Хабар 24 телеарнасы