384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда жас ғалымдар конгресі басталды

  • 450
  • UPD: 09:37, 12.04.2018
Алматыда жас ғалымдар конгресі басталды

Алматыда «Заманауи әлемдегі экономика, бизнес және құқық» атты V халықаралық жас ғалымдар конгресі басталды.

Жиынның мақсаты – жастарды ғылыми ізденістерге ынталандыру. Оған еліміздегі 20-дан астам жоғары оқу орнының студенттері және шетелдік мамандар да қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. «ХХІ ғасырдағы білім саласының ерекшелігі – тәжірибемен тығыз байланыста болуы», – дейді мамандар. Студенттер білімін тәжірибе жүзінде пайдалануды оқу орнының қабырғасында жүріп меңгеруі тиіс. Сондықтан стартап жобалармен жұмыс істеу маңызды. «Бір айға созылатын ғылыми шара жас ғалымдардың қабілетін арттыруға зор мүмкіндік», – дейді мамандар. 

Жанар Темірбекова, Еуразия технологиялық университетінің ректоры:

- Серіктес университеттер арқылы біздің жастар шетелдердегі университеттерге барып, сол жерден тәлім-тәрбие алып, сол жердегі тәжірибеден өтіп, ғаламдық, жаһандық университеттердегі құралдарды үйрену арқылы өздерінің жаһандық дәрежедегі бәскеге қабілеттілігін арттырады.

Хабар 24 телеарнасы