386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысындағы қорықта шыққан өрттің себебі анықталып жатыр

  • 488
  • UPD: 11:01, 13.04.2018

Атырау облысындағы «Ақжайық» табиғи қорығында болған өрттің себебін анықтайтын комиссия құрылды.

Мамандар табиғатқа келген шығын көлемін де есептейтін болады. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаменті мен табиғи қорық өкілдері мәлім етті. Сонымен бірге теңіз жағалауына жақын қоныстанған ауылдарда өрт сөндіру бөлімшелері ашылатын болды.

Естеріңізге сала кетейік, қорықта 15 гектар алқап екі күн бойы өртеніп, қамыс пен құрақ шөп түгелдей жанып кеткен еді. Өртенген аумаққа арнайы техникалар кіре алмағаннан кейін қызыл жалын тікұшақтың көмегімен сөндірілді. Қазір тағы да өрт тұтануы мүмкін аймақ жіті бақылауға алынды. Мамандардың айтуынша, табиғи қорық аумағына орналасқан елді мекендердің тұрғындары мал азығына шөп дайындау үшін әдейі от қоюы да мүмкін. Егер айыптылар анықталса жауапқа тартылады.  

Рашид Біләл, облыстық ТЖД басшысының орынбасары:

- Сол адам факторы адам анықталған кезде ішкі істер департаментіне жолданады, ол жақтан іс ары қарай қаралады. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет, өрт сөндіру бөлімдері жоқ елді мекендерде өрт бекеттерін құру жоспары бекітілген сол бойынша 3 елді мекенде 3 өрт бекеті құрылуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы