378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астана әкімдігі: Көпбалалы отбасыларға жер беру туралы ақпарат шындыққа сәйкес емес

  • 661
  • UPD: 17:08, 19.04.2018
Астана әкімдігі: Көпбалалы отбасыларға жер беру туралы ақпарат шындыққа сәйкес емес krsk.sibnovosti.ru

Әлеуметтік желілерде және жедел хабаршыларда Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің көпбалалы отбасылар үшін аз қабатты үйлердің құрылысына арналған жер телімін беруі туралы вирустық ақпарат тарады.

Алайда тараған ақпарат шындыққа сәйкес емес. Бұл туралы әкімнің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева хабарлады.

Бұл ұсыныс қала басшылығының азаматтарды қабылдауы кезінде айтылған болатын және қазіргі уақытта мемлекеттік органдардың зерттеуі мен қарау сатысында тұр.

Осы орайда елорда әкімдігі тұрғындарды орталық мемлекеттік органдардың ресми дереккөздерінен алынған ақпаратқа ғана сүйенуге шақырады.

«Көпбалалы отбасыларға кезекте тұру үшін тұрғын үйді екі тәсілмен жүзеге асыруға болады: құжаттарды жергілікті атқарушы органға (әкімдік жанындағы тұрғын үй қатынастары департаментіне немесе тұрғын үй басқармасына) немесе электрондық үкімет порталына жіберу арқылы. Қала билігі азаматтарға әлеуметтік желілердегі осындай хабарламаларды таратуға мұқият қарауға, сондай-ақ, «жалған» ақпаратты жіберген барлық заңсыз фактілер туралы қала әкімшілігіне немесе құқық қорғау органдарына хабарлау керектігін ескертеді», – дейді баспасөз хатшысы Э. Жүргенбаева.

Ақпарат көзі: elorda.info

Хабар 24 телеарнасы