387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Этномәдени орталықтар Астана жастарын өз салт-дәстүрімен таныстырды

  • 816
  • UPD: 10:25, 25.04.2018
Этномәдени орталықтар Астана жастарын өз салт-дәстүрімен таныстырды

Еліміздің бас қаласында «Астана – елімнің рухани бірлігі» атты концерт болып өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Іс-шараны «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және елорданың 20 жылдығына орай астаналық Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы ұйымдастырды. 

«Аталмыш іс-шара бірінші кезекте жыл сайын елімізде кеңінен атап өтетін Қазақстан халқының бірлігі күніне арналды. Мұндағы мақсат – еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің басын бір арнаға тоғыстырып отырған мемлекеттік саясатты дәріптеу, осы арқылы елдегі береке-бірлікті арттыруға жағдай жасау. Жас аудиторияны түрлі этнос өкілдерінің мәдениетімен таныстырып қана қоймай, халқымыздың бай мұрасын білуге қызықтыру, қазақстандық бірліктің моделін насихаттау», – деді Тілдерді дамыту және архив ісі басқарма басшысының орынбасары Қайрат Қамбаров. 

Оның айтуынша, іс-шараға Қазақстан халықтары ассамблеясының өкілдері мен этномәдени бірлестіктер, астанадағы ЖОО студенттері мен оқытушылар қатысты. 

Сахнада этномәдени бірлестіктің өкілдері мерекеге дайындаған театрлық қойылымдары мен орындаушылық шеберліктерін көрсетті. 

Бұдан басқа, театр холлындағы арнайы көрмеде әртүрлі этностың салт-дәстүрлері, әдет-ғұрпы, түрлі мәдениеттер бейнеленген суреттер мен көркем картиналар ұсынылды.

Хабар 24 телеарнасы