383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-тәжірибелік орталығы ашылды

  • 1476
  • UPD: 23:28, 26.04.2018

«Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-тәжірибелік орталығы ашылды. Осылайша, профессор Шайсұлтан Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы қайта құрылды.

Келелі жиынға Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері мен отандық ғалымдар қатысты. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  бағдарламасы аясындағы бұл жоба қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша ведомствоаралық жұмыстарды үйлестіру мен орфографиялық ережелерді дайындау және оларды мақұлдау сияқты шаралардың ғылыми-әдістемелік жағынан орындалуын қамтамасыз етеді.

Ғарифолла Есім, «Тіл-Қазына» Ұлттық ғылыми-тәжірибелік орталығының жетекшісі:

- Қазақ тілінің латынға өтуін қалай жүргізу керек? Оның барысында қандай ғылыми-зерттеу жұмыстарын жасау керек? Соның әдістемелік, методикалық жағы. Өйткені бұл мәселемен шұғылданатын бізде ғалымдар жеткілікті. Және облыстарда да, басқа жерлерде де бұл жүріп жатыр. Соларға біз әдістемелік көмек көрсетуіміз керек.

Хабар 24 телеарнасы