389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда жер телімдерін таңдау мен рәсімдеу толықтай электронды форматқа көшірілді

  • 536
  • UPD: 08:05, 30.04.2018

Яғни енді тұрғындар бұрынғыдай 20 шақты мекеменің табалдырығын тоздырмай, бар жұмысын әкімдіктегі бір терезеден 5 күннің ішінде бітіреді.

Пилоттық жоба аясында жер телімдерін тездетіп беруге арналған «Еasy» атты бағдарлама да тұрғындарға қызмет етеді.

Жер қатынастары саласын цифрландыру электронды үкімет кешенді бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Яғни жер телімі мен техникалық шарттарды беру қызметтерін автоматтандыру арқылы сыбайлас жемқорлықтың жолы кесіліп, қызмет көрсету уақытын қысқартуға мүмкіндік туады, – дейді мамандар.

Жер теліміне аз уақытта қол жеткізген Асылан Есқалиевті «ашық әкімдік» аталатын алаңда жолықтырдық. Ол өз үйіне жапсарлас орналасқан қосымша жер учаскесін қысқа мерзімде рәсімдепті. Бар шаруаның бір жерден біткеніне дән риза.

Аслан Есқалиев, қала тұрғыны:

- Өте ыңғайлыжоба екеніне көзім жетті. Өте ыңғайлы, тез уақытта жер телімін алып отырмын. Бір өтінішіпен, ешқандай ешқайда бармай. Ешқандай бюрократтық кедергі болған жоқ.

Жоба наурыз айында іске қосылды. Бүгінгі күнге дейін тұрғындардан 9 өтініш түсіп, үшеуіне оң шешім шығарылған. Әр өтініш бойынша коммуналдық қызметтерді хабардар ету үрдісі арнайы бағдарламаның көмегімен жүзеге асады. Олар қажет болған жағдайда өтініш түскен мекенжайға өздері барып қарап, кейін жер жөніндегі комиссия 5 күннен қалдырмай шешім шығарып береді. Ал өтініш иелеріне дайын актіні алып кету ғана қалады.

Сакен Нұртазаев, қала әкімі аппаратының жетекшісі:

- Қазіргі таңда бұл тікелей электронды түрде жасалып отыр. Ол 5-10 күннің ішінде қызмет алуға келген адамға беріледі. Бұл жерді алу үшін бұрын 2-3 ай кететін. Бұрын 15 монополист ұйымның бәрін аралап, қол қойдырту үшін жүгіретін болса, қазіргі таңда 5 күн, ары кеткенде 10 күн ішінде электронды түрде барлық мекемемлер қолдарын қойып, осы азаматқа беруі тиіс.

Қала әкімдігі енді сәулет және қала құрылысы бөлімінің қызметін цифрландыруды жоспарлап отыр. Мәселен, сәулеттік жобалардың кескіндемелері келешекте электронды әдіспен мақұлданатын болады. Жалпы, қазіргі таңда облыс орталығында осындай 15 «ақылды» жоба жұмыс істеп тұр.

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Болат Жарылғасов, Қанат Махмұтов

Хабар 24 телеарнасы