389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде Қымызмұрындық мерекесі ұйымдастырылды

  • 903
  • UPD: 14:25, 02.05.2018
Семейде Қымызмұрындық мерекесі ұйымдастырылды

Қазақстан халқы мерекесін семейліктер де ерекше атап өтіп жатыр.

Қала тұрғындары мен қонақтары үшін Қымызмұрындық мерекесі ұйымдастырылып, тегін қымыз таратылды. Бұл мақсатқа қала маңындағы ауылдардан арнайы 500 литрден астам сусын жеткізілген. Қазақ мәдени орталығы ұйытқы болған шарада жұртшылыққа қымыздың түрлері таныстырылды. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері қайта жаңғырған бұл дәстүрлі шара жыл сайын өткізіліп келеді. Қалың көпшілік ұлттық тағамнан ауыз тиіп, бір-біріне ізгі тілектерін айтып жатыр.

Шағангүл Жанаева, қазақ мәдени орталығының жетекшісі:

- Ежелде аталарымыз бие сауғанда алғашқы саумал қымызға сол ауыл адамдарының бәрін шақырып, арқа-жарқа әңгіме-дүкен құрылып, тамаша дүниелер өткен. Міне Қымызмұрындық мерекесі осының жалғасы іспетті.

Диана Өмірханова, қала тұрғыны:

- Семей қаласындағы бүкіл ұлт өкілдері жиналған және өздерінің дәстүрлерімен таныстырып, өнерлерін көрсетіп жатыр. Және біздің ұлттық тағамдарымызбен бөлісіп жатырмыз, өте дәмді, өте жақсы. Менің көңілімнен шығып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы