389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысындағы парадта сарбаздар қару қолдану шеберлігін көрсетеді

  • 490
  • UPD: 14:32, 02.05.2018

Отан қорғаушылар күніне орай еліміздің тарихында екінші рет жауынгерлік парад өтеді.

Қазақ әскері өз қарым-қабілетін Жамбыл облысындағы «Отар» 40-әскери базасының аумағында паш етпек. Бүгінде полигонда қызу дайындық шаралары басталып, шерудің барлық кезеңдері пысықталуда. Әскери парадқа 3 мыңнан астам сарбаз, 3 жүзден аса қару-жарақ пен әскери техника және 30-ға жуық әуе күштері қатысады. Шара барысында сарбаздарымыз заманауи қару мен техниканы іс жүзінде қолданып, тактикалық шеберліктерін көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейік, алғашқы жауынгерлік шеру осыдан 5 жыл бұрын, 2013 жылы өтті.

Дулат Адырбеков, «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы:

- Осы жауынгерлік парадқа бір ай бұрын наурыз айында әкімшілік құрылып, дайындығын бастады. 8 сәуірде әскери парадқа қатысушы қызметшілер осы базаға келіп 4 далалық лагерь мен казармада ұйымдастырылды. Биылғы 2018 жылғы жауынгерлік парадтың ерекшелігі арнайы операциялық күштерінің тактика қимылының жаңа және модернизацияланған жаңа қару-жарақ пен техниканы қолдануды көрсету.

Хабар 24 телеарнасы