378,40 406,00 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздегі бос қонақүйлер студенттерге жатақхана етіп берілуі мүмкін

  • 691
  • UPD: 20:15, 10.05.2018

Елімізде бос тұрған ғимараттар мен хостелдер, шағын қонақүйлер жатақханаға айналуы мүмкін.

Пайдаланылмай тұрған нысандарды осы мақсатта кәдеге жаратуға болады. Мұндай ұсынысты кәсіпкерлер білдіріп отыр. Бұл туралы  Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы басқармасы төрағасының орынбасары Талғат Матаев баспасөз мәслихатында хабарлады. Айта кетейік, Елбасы бес әлеуметтік бастамасында алдағы 5 жылда 75 мың орындық жатақхана салу жөнінде тапсырма берген болатын.    

Талғат Матаев, «Қазақстандық МЖӘ орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары:

- Мемлекетімізде әр аймақтарда көп хостелдер бар. Кішігірм қонақүйлер осылардың көптеген нелері келіп юізге ұсыныс тастап жатыр. Біздің хостелдерді жатақханаға пайдалануға болады. Осыларды біз МЖӘ механизмдері арқылы жоғары және орташа біліммен айналысатын мекемелермен МЖӘ жоба жасап, осында жатақханалар мәселесін шеуге болады деп ұсыныс айттық.

Хабар 24 телеарнасы