386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістандық студент болашақ фельдшерлер арасында топ жарды

  • 534
  • UPD: 14:34, 12.05.2018
Түркістандық студент болашақ фельдшерлер арасында топ жарды

«2018 жылғы медицина колледжінің үздігі».

Петропавлда осындай атаумен болашақ фельдшерлер арасында республикалық байқау өтті. Мұндай аттаққа Түркістан қаласынан келген Жәйна Әбсәттер лайық деп танылды. Аталған додаға Астана, Тараз, Көкшетау, Өскемен, Атырау, Қызылорда секілді еліміздің 10 қаласынан студенттер қатысқан болатын. Сайыстың бірінші кезеңінде олар өзін-өзі таныстырса, кейін колледж қабырғасында алған білімдерін теория мен тәжірибе жүзінде сынады. Айта кету қажет, жалпы мұндай байқау елімізде соңғы рет 2014 жылы өткен екен. Ал биылғы сайыс халықаралық медбикелер күніне орайластырылды. 

Жайна Әбсәттар, байқауға қатысушы /Түркістан қ./:

- Бірінші кезекте тәжірибе бередіӨзге колледждерден, өзге облыстан келген адамдармен танысып, олардағы білімнің қандай екенін бағалауға мүмкіндік береді. Және өзіміздің біліміміз бен біліктілігіміз сыналады. Біз арқылы біздің колледжге жақсы ат келуі мүмкін немесе жаман ат келуі мүмкін. Сондықтан барлығымыз беріспей айқасып келе жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы