384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда енді Ми-8 тікұшақтары құрастырылады

  • 595
  • UPD: 17:53, 14.05.2018

Тиісті жұмыстар Алматы әуе көлігін жөндеу зауытында жүргізіледі.

Бұл туралы бүгін Үкімет сағатында Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді. Сала жетекшісінің айтуынша, бұл тікұшақтар әскери саламен қатар ауыл шаруашылығы үшін де пайдалы. Сондай-ақ жыл соңына дейін әскери авиацияның 10  және әскери-тасымалдау авиациясының 4  ұшағын күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отыр.

Бейбіт Атамқұлов, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі: 

- Биыл Еврокоптер санатындағы барлық тікұшаққа техникалық қызмет көрсету құқығына ие болдық. Біз посткеңестік кеңістікте рұқсат қағазы бар жалғыз орталықпыз. Қазіргі таңда Астанадағы біздің орталықта Ресей, Украина, Орталық Азия және Монғолияның тікұшақтарын жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Сондай-ақ жауапты министрлік жаңа әскери стандарттар әзірлеу үшін 3,5 миллиард теңге көлемінде қаражат жұмсауды жоспарлап отыр. Осы мақсатта мыңнан астам құжат дайындалады. Олар алдағы 3-5 жыл көлемінде қабылданбақ. Сонымен қатар Бейбіт Атамқұлов қорғаныс саласындағы өнімдерді шетелге экспорттау жөнінде баяндады. Мәселен, былтыр арнайы теледидарлар мен оптикалық құралдарды сатудан қазынаға 2 миллиард теңге шамасында пайда түскен.

Бейбіт Атамқұлов, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

- Өткен жылы ресейлік типтегі 48 техниканы меңгердік. Бұл – МиГ және Ми ұшақтары. Сондай-ақ біз арнайы оттегі-тыныс алу аппаратын, тікұшақ пен ұшаққа арналған жылыту жүйесін өндіреміз әрі экспортқа шығарамыз. 

Хабар 24 телеарнасы