366.86 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда 5 әлеуметтік бастаманың жүзеге асырылуын қадағалайтын қоғамдық кеңес құрылды

  • 185
  • UPD: 21:11, 24.05.2018
Қарағандыда 5 әлеуметтік бастаманың жүзеге асырылуын қадағалайтын қоғамдық кеңес құрылды

Қарағандыда Елбасының бес әлеуметтік бастамасын сапалы жүзеге асырылуын қадағалайтын қоғамдық кеңес құрылды.

Бұл – еліміз бойынша әзірге алғашқысы. Оның құрамына «Нұр Отан» партиясының өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясы, мемлекеттік органдар мен қоғамдық саяси өмірде белсенділік танытқан азаматтар кірді. Бүгін кеңеске төраға тағайындалып, алғашқы отырыс ұйымдастырылды.

Бес әлеуметтік бастаманың жүйелі де сапалы жұмысына жауапты қоғамдық кеңес өз жұмысын шілденің бірінен бастайды. Әзірге кеңес мүшелері аймақтағы елді мекендердің тұрғындарымен кездесіп, халықтың әлеуетін арттыратын бастамалардың басты мақсатын түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Ерлан Қошанов, Қарағанды облысының әкімі:

– Бұл бастамалар миллиондаған қазақстандықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған. Осы шаралардың арқасында халықтың әл-ауқаты тағы да жаңа деңгейге көтеріледі деп сенеміз. Бұл бастамаларды іске асыру үшін қоғамның барлық саяси күштері, қоғамдағы барлық институттар жұмыла, осы жұмысқа біріге кірісуіміз керек.

Кеншілер аймағы толық көгілдір отынға көшу жолында. Облыс бойынша 800 шақырымнан астам газ құбыры салынады деп жоспарланып отыр. Алғашқылардың бірі болып Қарағанды, Теміртау мен Жезқазған қаласы газға қосылады. Құрылыс жұмыстары келесі жылы бастау алмақ.

Бекзат Алтынбеков, Қоғамдық кеңес мүшесі:

– Бес әлеуметтік бастаманы жүзеге асыру үшін мемлекеттен бюджет бөлініп жатыр. Оның сапалы, жүйелі дұрыс жұмыс жасауы үшін жан-жақты бақылауда болуы керек деп есептейміз. Қоғамдық кеңестің мүшесі ретінде біз мойнымызға жаңа міндеттер алып отырмыз. Кеңес алдағы уақытта өзінің жұмысын жақсы деңгейде көрсетеді деп есептейміз.

Үшінші әлеуметтік бастама аясында аймақта 4 жаңа жатақхана бой көтереді. Үш нысан мемлекеттік жеке әріптестік бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. Жалпы облыста 85 мыңға жуық студент бар, оның 3000-нан астамы жатақханаға мұқтаж.

Авторлары: Айнұр Әбдиева, Сайлау Игіліков, Әсет Асайынов

Хабар 24 телеарнасы