383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шетелдік сарапшылар жалған ақпараттың қаупі туралы ойларын ортаға салды

  • 422
  • UPD: 13:27, 25.05.2018

Цифрландыру дәуірінде жалған жаңалық тарататындар көбейіп жатыр.

Қазір кез келген адам смартфонның мүмкіндігін пайдаланып, неше түрлі бейнелер мен суретті желіге оп-оңай жүктей салады. Бірақ таралған ақпараттың мән-мағынасын пайымдамайды. Бірақ жалған мәліметке жол бермеу керек. Бұл мәселе Алматыда өткен Еуразиялық медиа форумда талқыланған маңызды тақырыптың бірі болды. Шетелдік сарапшылар да фейк ақпараттың қаупі туралы айтты. Өйткені жалған ақпарат елдер арасындағы саяси байланысқа сызат түсіруі мүмкін.

Роджер Фиск, Саяси стратегия мәселелері жөніндегі сарапшы /АҚШ/:

- Қазіргі уақытта әрбір білімді адам ақпаратты оқыған кезде, оның дереккөзін тексеріп, жалған немсе шынайы ақпарат екенін ажырата алуы керек. Бұл заман талабы. Біз заманауи ақпараттық технологияны тиімді мақсатқа  пайдаланса, дейміз.

Срайыл Смайыл, «Жас Қазақ» газетінің бас редакторы:

- Блог саласы немесе жалпы әлеуметтік желілердің қазіргі даму барысы мынау бұқаралық ақпарат құралдарына мықты бәсекелестіктің пайда болғанын, болашақта бұқаралық ақпарат құралдарына қалай жұмыс істеу керектігін ойлануына мәжбүр етеді, деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы