384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда су патрулі қызметіне кірісті

  • 344
  • UPD: 15:08, 29.05.2018
Павлодарда су патрулі қызметіне кірісті

Павлодарда алғаш рет Ертіс өзеніне су патрулі жіберілді.

Олар браконьерлерге қарсы күрес жүргізіп, тәртіп бұзушылықтың алдын алады. Қалаға жақын орналасқан өзен-көлдер тәулік бойы бақылауда болады. Жаңашылдықты облыстық Ішкі істер департаменті төтенше жағдайлар қызметімен бірлесіп қолға алған. Қызмет барысында патрульдік полицейлер шағын су көліктерін тексеріп, сақтандыру шараларын қоса жүргізеді. Өйткені жаз мезгілінде орталық жағалауға халық көп жиналады. Азаматтар спирттік ішімдікті пайдаланып қоғамдық тәртіпті де бұзып жатады. Полиция катері GPS-навигатормен, белгі беретін дыбыс құралымен және айырғыш белгілермен жабдықталған. Моторлы қайықпен бір мезетте бес қызметкер кезекшілік атқарады. Шомылу маусымы әлі басталған жоқ. Қазіргі уақытта заңсыз балық аулауға қарсы республикалық «Нерест-2018» акциясы жүріп жатыр.

Арман Қаптаев, қалалық ІІБ жергілікті полиция қызметінің басшысы:

- Қазіргі кезде біздің үш жергілікті полиция қызметінің 3 қызметкері суда жүзу бойынша, қайықты басқару бойынша оқуларды өткен. Оларға сертификаттар берілген. Тәулік бойы бес қызметкер істейді. Бес қызметкердің ішінде табиғат қорғау тобы қызметкерлері және ТЖД қызметкері, жол полиция қызметкері бар.

Хабар 24 телеарнасы