389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ирактағы бітімгерлік миссия кезінде қаза тапқан капитанның рухына тағзым етілді

  • 474
  • UPD: 22:11, 29.05.2018
Ирактағы бітімгерлік миссия кезінде қаза тапқан капитанның рухына тағзым етілді

Бүгін Халықаралық бітімгерлер күніне орай Алматы облысында орналасқан 38-десантты-шабуылдау бригадасының оқу-жаттығу базасында салтанатты іс-шара өтті.

Біздің 300-ге жуық сарбазымыз бен офицеріміз 2003-2005 жылдары Ирактағы қарулы қақтығыс аймағында бітімгерлік миссиямен болған еді. Олар Месопотамия аймағын 4 млн жарылмаған минадан тазартып, жергілікті елді мекендерді ауызсумен және медицинилық көмекпен қамтамасыз етуге атсалысты. 2005 жылы әскери міндетін орындау барысында «Қазбаттың» капитаны Қайрат Құдабаев ерлікпен қаза тапты. Бүгінгі шарада оны туыстары мен әріптестері еске алды. Бүгінде еліміздегі бітімгерлер құрамы 170 сарбаздан жасақталған. Биыл олар Таяу Шығыс елдерінің біріне аттанып, жүктелген міндетті орындайды. БҰҰ-ның Халықаралық бітімгерлер күні елімізде алғаш рет аталып өтіп отыр. Осы датаға орайластырылған салтанатты шарада қақтығыс аймағында болған бітімгерлер мен журналистер марапатталды. Олардың қатарында 2007 жылы Иракта болып, «Бітімгерлер» деректі фильмін түсірген арнамыздың тілшісі Асқар Серғалиев пен Сабина Торғаева да бар.

Қанат Мұса, Қазақстан бітімгерлік полкінің жауынгері:

Үлкен тәжірибе жинап келдік. 6 ай ішінде көп тәжірибе жинадық. Естімеген, көрмеген дүниелерді өзімізден кейінгі ұрпақ, сарбаздарға көрсетудеміз. Оқытып әрі жаттығуда қолданып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы