386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР Энергетика министрі Қ.Бозымбаев қоғамдық кеңес алдында есеп берді

  • 456
  • UPD: 14:30, 31.05.2018

«Сарыарқа» магистральді газ құбырының құрылысы бір айдан кейін басталады.

Қызылорда, Жезқазған, Қарағанды, Теміртау және Астана қалаларын газдандыруға бағытталған жобаны жүзеге асыру шілде айына жоспарланып отыр.

Ал, ауқымды жұмыстың бірінші кезеңі келер жылдың желтоқсанында аяқталмақ. Айта кету керек, бүгінде 1320 елді-мекен газбен қамтамасыз етілген. Энергетика министрі Қанат Бозымбаев қоғамдық кеңестің алдында берген есебінде осылай деді. Сондай-ақ ол Қазақстан әлемде бензин бағасы арзан елдің бірі екенін де тілге тиек етті. «Глобал Петролеум Прайс» халықаралық агенттігінің рейтингіне сүйенсек, қазақ елі жанар-жағармай құны төмен 11 елдің ішіне кіреді.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

- Қазақстан әлемдегі ең арзан бензин бағасы бойынша  168 мемлекеттің ішінде 11 орынға, ал дизельдік отын бойынша 14 орынға тұрақтады. Тіпті Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, АҚШ, Ресей мен Әзірбайжанның жанар-жағармайы біздікінен қымбат. Тек Венесуэла, Иран, Кувейт, Түріменстан секілді небәрі 10 елдің мұнай өнімдері жергілікті бензиннен арзан.

Хабар 24 телеарнасы