386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысындағы ауылда репрессия құрбандарына ескерткіш ашылды

  • 743
  • UPD: 15:45, 31.05.2018

Қызылорда облысының Дүр Оңғар ауылында саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш ашылды.

Ізгілікті бастамаға ұйытқы болған кімдер?

Нұрлан Жақыпбеков, тілші: 

- Бұл ауыл азаматтарының, боздақтардың ұрпақтарының бірігуімен қолға алынған бастама болатын. Репрессия құрбандарын жас ұрпақ жадында мәңгі қалдыру үшін қойылған ескерткіш ауыл ортасындағы саябақтың төрінен орын алды.

Ескерткіш Қаратаудың 12 тонналық алып тасынан жасалды. Оған зұлмат жылдары шейіт кеткен осы ауылдың тумаларының есімі қашалып жазылды. Тұтас ұлтты жойып жібере жаздаған зобалаң жылдар театрландырылған қойылымда да көрініс тапты. Молдабек Ахметовтың да атасы жазықсыз жала жамылғандардың тізімінде тұр. «Халқым» дегені үшін халық жауы атанған азаматтарды бүгін тарих ақтап шығарды,-дейді ол. Сұхбатты тыңдасақ.

Молдабек Ахметов, саяси қуғын-сүргін құрбанының ұрпағы:

- Сүйегі қай жерде жатқаны белгісіз, қазір моласы да жоқ, сондай азаматтардың төртеуін тауып, солардың біреуі өзімнің атам мен сол кісініғ шөбересі боламын. Деректерін ҚР Ішкі істер министрлігінің мұрағатынан алдық. Осы кісінің бәрі бірге атылған екен. Бір кездері жазықсыз жапа шегіп, қиын қыстау кезеңдерде елдің ардақтылары болған азаматтар.

Бүгін осы ескерткішке есімдері қашап жазылған азаматтардың ұрпақтары келіп, гүл шоқтарын қойды. Жиынға қатысқан тарихшылар жалпы өңірден зұлмат жылдары қуғынға ұшырағандар туралы айтылды.

- Қуғын-сүргін жылдары Сыр бойынан да біраз шығын болғаны белгілі. Бұл туралы мәлімет бар ма?

- Саяси қуғын-сүргін - қазақ халқының асылдарын қынадай қырды. Қолда бар мәліметтерге қарағанда тоталитарлық жүйе жүргізген саясаттың салдарынан Қызылорда облысы бойынша 4038 отбасы қуғынға ұшырап, 1153 адам атылған екен. Тарих ақтаңдақтары мұражайлар мен кітапханалардағы көрменің де басты тақырыбына айналды. Иә, тарихтан тағылым алып, өткенге тағзым ету бізге парыз!

Хабар 24 телеарнасы