389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


2017 жылы елімізде сотталған жасөспірімдердің саны 15 пайызға артқан

  • 572
  • UPD: 19:41, 31.05.2018
2017 жылы елімізде сотталған жасөспірімдердің саны 15 пайызға артқан sputniknews.kz

2016 жылы заң бұзғаны үшін 378 бала жазаға тартылса, 2017-де бұл көрсеткіш 443-ке жетті.

Бұл туралы Таразда өткен «Балаға мейірімді сот төрелігі. Балалардың құқықтарын қорғау сұрақтары бойынша өзара іс-қимылды үйлестіру» тақырыбындағы конференцияда белгілі болды. Басқосуда жасөспірімдер тарапынан жасалатын қылмыстардың алдын алу, сондай-ақ шалыс басқан балаларды өмірге қайта бейімдеу мәселелері сөз болды. Мамандардың айтуынша, көп ретте заң бұзатындар ата-ананың қарауынсыз қалған жеткіншектер. Сондай-ақ бұған балалардың бос уақытын тиімсіз өткізуі де себеп. Жиында осы мәселелерді шешу жолдары мен кәмелетке толмаған балаларға қатысты істерді қараудың тәжірибесі талқыланды.  

Ербол Дүйсенбаев, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған сот төрағасы:

- Баланы темір тордың арғы жағына тоғытпай, қайта өзімізде қалып, өзімізде оңалту. Себебі, өздеріңіз білесіздер, ол жаққа кеткен баланы қайта тәрбиелеу оңай емес. Республика деңгейінде осыны барлық облыстарда қалыптастыру, соны қолдану аясында жүргізіліп жатқан саясат. Заңды тұрғыда барлығы бар, тек қана бірлесіп жұмыс істеу керек.

Хабар 24 телеарнасы