386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістанның жаңа мәртебесі рухани байлықты арттыруға септігін тигізеді

  • 554
  • UPD: 00:04, 22.06.2018
Түркістанның жаңа мәртебесі рухани байлықты арттыруға септігін тигізеді

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы халықтың рухани байлығын сақтау және жастарды ұлт тарихын құрметтеуге тәрбиелеуді көздейді.

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығын Түркістанға ауыстыру осы мақсатта жасалып отырған игі қадам. Үш ғасырға жуық қазақ хандығының астанасы болған қаланың тарихи мәртебесінің оралуы рухани астананың жаңаша дамуына серпін бермек.

Құлбек Ергөбек, әдебиет зерттеушісі, филология ғылымының докторы:

- Бірнеше облысты жаңаша өркендету тәжірибесінен кейін ендігі өркендеу кезеңі жәдігер қала Түркістанға кезегі келіп тұр. Түркістан әрине сол іс тәжірибелердің негізінде өсетініне күмән жоқ. Бірақ бұл өзге облыстарға қарағанда басқаша. Күллі түркі дүниесіне ортақ, күллі түркі дүниесінің қатысуымен және сол халықтың рухани астанасына айналып өсуі керек. Қазақстанның рухани жаңғыру жағдайында Түркістан һәм рухани, һәм экономикалық жағынан жан жақты өсіп өркендеп, келешекте кемел облыстарымыздың біріне айналады деген үміттеміз.

Георгий Кан, тарих ғылымдарының докторы, ҚХА сарапшылар кеңесінің мүшесі:

- Бұл аймақтың ЮНЕСКО-ның дүниежүзінің мәдени мұралары тізіміне енгенін бүкіл әлем біледі. Айтар болсақ, Әзірет Сұлтан, Есімханның кесенесі, онда жатқан Абылай хан, Қазыбек би, Арыстан баб, Сауран, Сайрам, Қарнақ, тізе берсең жан дүниеңе сәуле шашар киелі жерлер. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасын мемлекеттік тұрғыда жүзеге асырудың үлгісін көрсетті.

Хабар 24 телеарнасы