389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Burabay Summer Fest-те 400-ден астам өнерпаз бақ сынады

  • 467
  • UPD: 11:33, 29.06.2018
Burabay Summer Fest-те 400-ден астам өнерпаз бақ сынады

Халықаралық Burabay Summer Fest фестиваліне қатысу үшін Бурабай кентіне 400-ден астам жас өнерпаз жиналды.

Олардың арасында қазақстандық оқушылармен қатар Түркия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстаннан келген үміткерлер де бар. Қатысушылардың жасы 10 мен 16-ның аралығында. Олар мәнерлеп оқу, би және музыка аталымдары бойынша сынға түсті. Алғашқы кезеңнен кейін қазылар алқасы 250 өнерпазды іріктеп алды. Ал жеңімпаздың есімі 3-ші шілде күні, мерекелік гала-концертте белгілі болды. Жүзден жүйрік шыққан оқушыға АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласына жолдама беріледі.   

Эльмира Ахмедиярова, Burabay Summer Fest фестивалінің бас продюсері:

- Біз бұл фестивальде жаңа есімдерді анықтаймыз. Қазақстанда талантты балалар өте көп. Осы тұста Ұлттық домбыра күні қарсаңында жас күйшілерді атап өтпеуге болмайды. Тіпті ұстаздан шәкірт озған кездерге де куә болдық. Міне, сондықтан бұл додада шынайы өнерпаздар ғана жүзден жүйрік шығады.

Хабар 24 телеарнасы