389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде «7-20-25» бағдарламасы бойынша ипотекалық несие беру басталады

  • 926
  • UPD: 15:29, 30.06.2018

Жақын күндері еліміздегі екінші деңгейлі банктер «7-20-25» бағдарламасы бойынша ипотекалық несие беруді бастайды.

Бұл туралы Ұлттық банк өкілдері «Нұр Отан» партиясында өткен қоғамдық кеңес отырысында мәлімдеді. Мемлекет басшысы бастамаларының орындалу барысын қадағалауға жетекші саяси ұйым да жауапты. Сондықтан партия өқілдері жөнді істерді тағы да талқы таразысына салып отыр. Айта кетейік, жаңа тұрғын үй бағдарламасы аясында «Баспана» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы құрылған болатын. Сол арқылы бес бастаманың бірі белсенді жүзеге асырылуы тиіс.

Бақытжан Жұмағұлов, «Нұр Отан» партиясы қоғамдық кеңесінің төрағасы:

- Әр бастаманы біз нақты халыққа көрінетіндей қылып, қай жерде қандай іс басталды. Соны әрі қарай жұмысымызбен жауапты адамдар өз жұмысын айту керек.

Хабар 24 телеарнасы