389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайдың орталығында күй күмбірледі

  • 511
  • UPD: 15:56, 01.07.2018

Қостанай қаласының орталығында да бүгін күй күмбірлеп, ән төгілді.

Көше бойында ұйымдастырылған «Домбыра-пати» шарасына қатысуға ниет білдіргендер аз болған жоқ. Басым бөлігі жастар. Бұл жерде кім қандай шығарма орындаса да өз еркі. Негізінен Құрманғазының «Адай», «Сарыарқа», «Балбырауын» сияқты танымал күйлері  кезек шертілді. Домбыраға қосылып ән айтқысы келгендер де тосылып қалған жоқ. Бір сағатқа созылған бұл шара барысында он шақты адам өз өнерлерін ортаға салды.

Әлібек Мұхамеджанов, шараны ұйымдастырушы:

- Бүгінгі мерекеге орай көп адам келіп жатыр жастар. Кәсіпқой домбырашылармен қатар, әуесқой домбырашыларда бар араларында. Қызығып, сұрап жатыр, үйренеміз деп жатыр. Біз осыған орай жақын арада осы курс ашайын деп жатырмыз Қостанайда кітапхана ішінде.

Хабар 24 телеарнасы