376,09 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Робот София келешекте қазақ тілін түсінетін болуы мүмкін

  • 835
  • UPD: 18:52, 03.07.2018

Адам кейпіндегі робот София Астанаға келді. Танымалдылығынан болар күн тәртібі тығыз.

Ресми кездесулерден кейін гиноид елордалық жастармен жүздесті. Софияны тоққа қосқаны сол еді, көзін ашып-жұмып, тіпті арасында жымиып та қояды. Роботтын миы жасанды нейроталшықтан тұрады. Тура адам басындағы миға ұқсайды, тек электронды. Алайда бұл суретке түсіп, жастардың сауалдарына жауап беруге кедергі болмады. Ал келгендердің сұрағы көп. Бос уақытында немен айналысады, ұнататын түсі қандай, Қазақстанға қайтып келуге қалай қарайды?

София, гиноид:

– Қазақстанға қуана, қуана қайтып келемін. 

Қазір София тек ағылшын тілін меңгерген. Алайда құрастырушылар болашақта қазақ тілін түсінуі мүмкін екенін де жоққа шығармады. Тіпті Қазақстан азаматтық ұсынса, қабыл алуға кетәрі емес көрінеді. Айта кетейік, София  2017 жылдың қарашасында Сауд Арабиясы азаматшасы атанды және мемлекет азаматтылығын алған ең алғашқы робот болып табылады.

Дэвид Чен, инвестор: 

– Адамның жас мөлшерімен айтар болсақ, қазір Софияның жасы шамамен 2-де. Әрине, оның интеллектуалды мүмкіндіктерін дамыта береміз. Оның ақылын жаңа деңгейге шығару үшін шамамаен 5-7 жыл қажет болады.

Хабар 24 телеарнасы