384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Темекі бағасы қымбаттауының зиянды әдетті доғаруға себеп болуы екіталай

  • 734
  • UPD: 18:54, 03.07.2018

Елімізде 1 шілдеден бастап темекі қымбаттады. Осы жолы оның бір қорабына тағы 20 теңге қосылды.

Енді ең арзаны 360 теңге тұрады. Бұл шара темекі шегушілердің қатарын азайта ма? Сауда-саттыққа қалай әсер етеді? 

Петропавлдық Виктор Шалаев 12 жасынан шылым шегеді. Қазір күніне 2 қорабын тартады. 72 жасар театр режиссері зиянды әдетін өмірінде бір-ақ рет 10 күнге ғана тастапты. «Енді қанша қымбаттаса да сатып аламын» дейді ол.

Виктор Шалаев, қала тұрғыны:

- Қымбатшылық темекі шығарушылардың ғана қалтасын қалыңдатады. Менің ойымша, шылым шегушілер азаймайды. Керісінше олардың ақшасы азаяды. Бұл реформаның бір ғана нәтижесі осы. 

Қазақстанда әр екінші ер азамат шылым шегеді. Темекінің зияны айтпаса да түсінікті. Дәрігерлердің айтуынша, бұл әдет әсіресе жүрек-қан тамыр ауруларын асқындырады. Ал оның арты инфаркт. Сондықтан кардиологтар салауатты өмір салтын ұстануға кеңес береді.  

Мақсат Құдратұллаев, кардиологиялық орталықтың бөлімше меңгерушісі:

- Жасыратыны жоқ, әр науқас біз айтқаннан темекіні тастай салмайды. Сонда да ішінде біраз науқас темекі шегуін тоқтатып, салауатты өмір салтына бет бұру кезеңдері де бар. Сондықтан біздің позициямыз темекі шекпеңіз деген ұстаным. 

Қолға алынған шара импорттың үлесін азайтып отыр. Яғни шылым шегетіндер де кеми түсті деген сөз.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев, Дмитрий Рура

Хабар 24 телеарнасы