370,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістанның бас жоспарын әзірлеуге халықаралық конкурс жарияланды

  • 418
  • UPD: 14:34, 11.07.2018
Түркістанның бас жоспарын әзірлеуге халықаралық конкурс жарияланды ҚазАқпарат

Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту бойынша бас жоспар тұжырымдамасын әзірлеу конкурсын ұйымдастыру және өткізу бойынша комиссия Түркістан облысының әкімдігімен бірлесе отырып, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 702 Жарлығының 4 тармақ 2) тармақшасына сәйкес, түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде Түркістан қаласын дамыту бойынша бас жоспардың ең үздік тұжырымдамасын әзірлеуге ашық халықаралық конкурс жариялайды.

Аталған конкурстың мақсаты түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде Түркістан қаласының бас жоспарының Тұжырымдамасының сәулет-қала құрылысы шешімдерін алуға негізделеді, мұнда облыс орталығы ретінде Түркістан қаласының ұзақ мерзімді аумақтық дамуы, мәдени-тарихи мұрасының сақталуы бойынша сапалы шешімдер ұсынылатын болады.

Конкурсты өткізу мерзімі: 2018 жылғы 11 шілдеден бастап 11 тамыз аралығы.

Конкурсқа ұсынылған жобалар көрмесі Түркістан қаласында 15-20 тамыз аралығында өтеді.

Конкурстың жүлде қоры (салықтарды қоспағанда) 40,0 млн теңгені құрайды, оның ішінде:

- 1 орын – 25 млн теңге;

- 2 орын – 10 млн теңге;

- 3 орын – 5 млн теңге.

Конкурсты ұйымдастырушылар: комиссия және Түркістан облысының әкімдігі

Конкурс сайты: Turkestangenplan.kz

Конкурсқа кәсіби сәулетшілер және қала құрылысын жүзеге асыру мамандары (жеке және заңды тұлғалар) қатыса алады.

Осы категория бойынша: « Астанада Тұран даңғылындағы қозғалысқа ішінара шектеу енгізіледі Мамандар: Радио жұмысын жандандыру керек »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы