369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақпанда қияр еккен Оралдағы жылыжай сәуірде өнім жинады

  • 283
  • UPD: 16:14, 12.07.2018

Орал өңірінде жылыжай шаруашылығы өрістеп келеді.

Мәселен, қаламен көршілес орналасқан Круглозерный кентінің бағбандары көкөніс пен жеміс-жидектің түр-түрін өсіріп отыр. Жаз басталмай жатып қала іргесіндегі шаруашылықтардың көмегімен 100 тонна қызанақ пен қияр жиналған.  

Круглоозерный кенттік округі орал қаласынан 20 шақырымдай жерде. Қалаға жақын болғандықтан тұрғындардың дені ерте пісетін көкөніс түрлерін өсіруге мүдделі.

Талғат Серікқалиұлы, тілші: 

- Тек осы ауылдық округтің аумағында ғана оннан астам жылыжай шаруашылығы бар екен. Ал мына біз келген шаруашылық нарықта ең сұранысқа ие деген көкөніс түрлерін өсіруді қолға алған. Және бұл шаруашылықтың бір ерекшелігі  кез-келген бағбан егуге тәуекел ете бермейтін, алайда дәруменге бай мына секілді бұрыш өсіруге кешеннің бүтіндей бір бөлігін арнаған.

Бұл шаруашылыққа Марина Кладчикова басшылық етеді. Шаруақор әйел осы салада өз отбасымен бірге он жылдан бері еңбек етіп келеді. Маңдай терімен тұрғызған жылыжай кешендерінен жылына 300 тоннаға тарта өнім алады. «Салқын түскенге дейін 10 тоннадай өнім жинап алуды жоспарлаймыз» дейді кәсіпкер.  

Марина Кладчикова, шаруа қожалығының басшысы: 

 - Қиярды ақпан айында ектік. Әуелі көшеттерді отырғызып, кейін оны осы жерде өсіреміз. Сәуір айында өнім ала бастадық. Шілденің соңында тағы да қызанақ егеміз. Жұмыс жетеді. Тек еңбек етуге ниетті адам таппай қиналатынымыз бар.  

Мына жерде жаңа жылыжай кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Бастапқыдағыдай емес, қазір көкөніс өсірілетін аймақтар соңғы үлгідегі технологиямен қамтылған. Есесіне, сапалы өнімге деген сұраныс та артып келеді. Ең бастысы, еңбекқор жандардың арқасында ондаған отбасы екі қолға бір күрек тапты.  

Надежда Комарова, шаруашылық жұмысшысы:

- Ауылымзда осындай шаруашалықтардың болғаны жақсы, өйткені адамдарға жұмыс болады. Біз осы шаруашылықта отбасымызбен бірге еңбек етеміз. Жалақымыз жақсы. Күзге қарай көкөніс пен жеміс-жидектің бәрін тегін.   

Кенесары Нұршинов, Круглоозерный кентінің әкімі:

- Шаруашылықтардың бірден бір мол септігі ол өзіміздің жергілкті адмадарды жұмыспен қамтылып жатыр. Биыл бізде ауылдық окуругтер 2 мыңнан астам тұрғындары бар төртінші деңгейлі бюджетке өткен болатынбыз. Ол дегеніміз жергілікті салықтар осы жергілікті атқарушщы органның құзіретінде қалады. Яғни осы жердің шаошруашылықтардың салықтары осы елдің экономикалық дамуына өз үлесін қосуда.

Қалаға қарасты шаруашылықтар жалпы көлемі 2 мың гектардай алқапқа көкөніс дақылдарын еккен. «Күз бойы облыс орталығында ұйымдастырылатын жәрмеңкелердің бізге көмегі көп. Өйткені сапалы да арзан өнімдердің тұрғындарға қожетімді болатыны осы кез» дейді шаруалар.   

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Болат Жарылғасов

Осы категория бойынша: « ШҚО-ның Глубокое ауданындағы халық жергілікті цех жұмысына қарсы болып отыр «Media 2020» конференциясында жалған ақпаратпен күрес мәселесі талқыға түсті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы