374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысының Ұйғыр ауданында «Қазақтану» жобасы талқыланды

  • 326
  • UPD: 14:15, 13.07.2018

Алматы облысындағы Ұйғыр ауданының орталығы Шонжы ауылында Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық келісім кеңестерінің жиыны өтті.

Ол өңірлерде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жобаларын ілгерілетуге арналды. Бұл басқосуда «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасын жүзеге асыру мәселелері жан-жақты талқыланды. Алматы облысында 627 қоғамдық келісім кеңесі құрылып, жұмыс істеп тұр. Олар түрлі этнос арасындағы достық қарым-қатынас пен ауызбіршілікті нығайтуға атсалысып, кең байтақ қазақ жерін мекен еткен ұлттар мен ұлыстарды бір мақсат, бір мүддеге жұмылдыру жолында аянбай еңбек етіп келеді. Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» жобасы бүкіл халықты шоғырландыратын ортақ құндылықтарды қалыптастыруға, қазақтың тарихын, мәдениетін, философиясы мен этикасын дәріптеуге бағытталған. «Біз ортақ тарих, азаматтық бастаулар негізінде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін одан әрі жетілдіруге күш салып, елімізді гүлдендіруге атсалыса беретін боламыз» дейді жиынға қатысушылар.

Жеңіс Тойшыбеков, Ұйғыр аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы:

- Біздің ауданымызда 14 селолық әкімшілік бар. Сол әкімшіліктердің жанында қоғамдық келісім кеңестерін құрдық барлық жерде. Біздің аудан негізінен екі ұлттан тұрады, қазақ пен ұйғыр. Ауылда әртүрлі жағдай болып қалуы мүмкін, әсіресе, жастардың арасында, балалардың арасында. Мынау бірлікті сақтауға қоғамдық келісім кеңестері үлкен, зор жұмыс атқарып жатыр.

Ғабит Тұрсынбай, облыстық ҚХА төрағасының орынбасары:

- «Қазақтану» деп аталатын жобаның алдағы уақыттағы атқаратын міндеттеріміз, мақсаттарымыз жөнінде айтып, түсіндірдік. Жергілікті халықтың пікірін тыңдадық. Бұл жердегі атқарылып жатқан іс-шаралар көңілге қонымды, нәтижелі жұмыстар жасалып жатыр. Халықтың арасында тұрақтылық, бірлік бар.

Осы категория бойынша: « Ақтаулықтар дәрігер қабылдауына мобильді қосымша арқылы жазылады Қытайдағы зауытта жарылыстан адамдар қаза тапты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы