365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайда пластик бөтелкелер қалдығынан түрлі өнім шығаратын кәсіпорын өндірісті кеңейтпек

  • 206
  • UPD: 09:32, 14.07.2018

Қостанайда пластик бөтелкелер қалдығынан түрлі өнім шығаратын кәсіпорын өндірісті кеңейтпек. Биыл олар қоқыс сұрыптайтын комбинат құрылысын бастауды жоспарлап отыр. Оның сыртында шикізат өңдейтін жаңадан төрт цех іске қосылады.

Судыр пленка, жұмсақ мақта, кабель құбыр, жол құрылысына  арналған төсеніш. Осының бәрі кәдімгі полиэтилен және пластик бөтелкелер қалдығынан жасалған.

Жандос Жақсыбаев, кәсіпорынның бөлім басшысы:

– Біз қалдықтарды өңдеп, 6 тонна өнім жасай аламыз. Ол ауылшаруашылық саласында, жеңіл өнеркәсіпте пен жол құрлысына пайдаланылады.

Пленкамен қапталған геотекстил құрылыс материалдарын ылғалдан қорғайды. Күніне 25-30 мың шаршы метр осындай өнім шығаратын технологиялық желі бойында төрт адам жұмыс істейді. Талшықты қолмен тиегендері болмаса, қалған жұмыс ауқымы автоматты жүйе бойынша атқарылады.

Болатхан Қабдолла, технолог:

– Мұнда бәрі көрсетіліп тұр. Жалпы біздің өндірісіміз толықтай автоматты жүйеде істеп тұр.

Мағауия Қалиев, тілші:

– Цех жақында толықтай іске қосылады. Бұл жерде қарапайым пластикалық бөтелке қақпақтары ұнтақталып, түйіршектерге айналады. Одан электр кабелдеріне қажетті құбырлар жасалады.

Қазіргі кезде мұнда жылына 5 мың тоннаға жуық тұрмыс қалдықтары өңделеді. Келер жылы оны еселеп арттыру көзделіп отыр.

Марат Сәдуақасов, кәсіпорын директоры:

– Тағы төрт желі іске қосылғанда, бұл көрсеткіш екі есеге өседі. Қазір Қазақстан нарығының 60 пайызын қамтып отырсақ, болашақта 65-66 пайызға жеткіземіз деген ойдамыз.

Кәсіпорын сондай-ақ бір аптадан кейін тұрмыс қалдықтарын сұрыптайтын комбинаттың құрылысын бастайды. Оны алдағы желтоқсан айында тапсыамыз деп отыр.

Авторлары: Мағауия Қалиев, Ермек Мұхамедияров

Осы категория бойынша: « Қостанай облысында биыл шегірткеге қарсы 90 мың гектар жерге химиялық өңдеу жүргізілген Алматылық 53 отбасы баспаналы болды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы