365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астана аумағында шомылуға тыйым салынған 10 аймақ бар

  • 292
  • UPD: 22:04, 14.07.2018

Елімізде жыл басынан бері 138 адам суға кетті. Олардың елу бірі бала. Ажал құшқандардың басым бөлігі Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл және Атырау облысының тұрғындары.

Шілденің шіліңгір күні астаналықтарға да қауіп болып тұр. Жыл басынан бері мұнда 7 адам суға кетті. Жергілікті тәртіп сақшылары мен төтенше жағдай қызметкерлері жұртшылыққа осындай әрекетке бармауды ескертіп бағады. Тәртіпке мойынұсынбағандарды жазалап, жиі-жиі рейдтер де өткізіліп жатыр.

Жаз басталғалы құтқарушылардың жұмысы қауырт. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары Есілдің жағалауын күніне бірнеше мәрте тексеріп шығады. Себебі тәртіп бұзып, шомылуға болмайтын жерлерде суға түсетіндер аз емес.

Ғани Әбдезов, тәртіп сақшысы:

- Бізде кішкентай суға шомылатын көлдерде адам шомылу көп. Шомылған кезде ішіп алып шомылады. Өрт жағады. Кәуап шашлык пісіреді. Осы аумақта шомылуға болмайды. ЧС жоқ, құтқарушы, өрт сөндіруші жоқ. 

Құтқарушылар қаншалықты қырағы болса да суға кету оқиғалары жиі кезігеді. Тек жыл басынан бері Астанада 7 адам көз жұмды. Олардың басым бөлігі қауіпті аумақтарда шомылған.

Болат Рүстемов, Алматы ауданы ТЖБ аға инженері:

- Былтыр Астанада 8 адам суға кетті. Олардың 1-і бала. Биыл шомылу маусымы басталғалы осындай 7 қайғылы оқиға болды. Оның себебі ата-аналардың қадағалауының болмауында. Балалар жазғы демалысқа шықан. Өз беттерімен жүреді. Қайда барғысы келсе, сонда барып суға түседі. 

Қазір қалада шомылуға тыйым салынған 10 аумақ бар. Тәртіп сақшылары арнайы белгілер де орнатқан. Бірақ қызық қуған жұртты бұл еш алаңдатпайды. 

Қоғамдық тәртіпті бұзғандар жазаға тартылады. Бірінші рет ұсталғандар ескертумен құтылса, келесі жолы 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді.

Авторлары: Дариға Ташенова Өмірбек Ізімов

Осы категория бойынша: « Қазақ-өзбек әскери ынтымақтастығы арта түседі ШҚО-да тұрғын үйді жаңғырту бағдарламасы тоқтап тұр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы