365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде экологиялық зиянсыз дорба шығаратын цех ашылды

  • 306
  • UPD: 22:08, 15.07.2018

Ақтөбедегі полиэтилен дорбаларын шығаратын кәсіпорын экологиялық таза өнім дайындауға көшті.

Жылдап жатса да шірімей, қоршаған ортаға зиян әкелетін полиэтиленді алмастыратын өнім ел нарығына шығарылады.  Кәсіпкер жаңа желіні іске қосу үшін «Өндіріс» бағдарламасы арқылы жеңілдетілген несие алған.

Жаңа цехтағы заманауи желі жылына 1200 тонна экопакет дайындап шығарады.  Бұл өнімнің бұрынғыдан айырмашылығы неде десек? Біріншіден, қоршаған орта мен адам денсаулығына зияны аз. Екіншіден, қоқысқа тасталған пакет 1 жылдың ішінде жойылып, топыраққа араласып кетеді. Бұл қалдықсыз өндіріс. Шикізатты шет мемлекеттерден алып отыр.

Наурызбек Абдолкәкімов, цех механигі:

- Цехта біз поливет, политерон пакеттерін шығарамыз. Қызыл, көк пакеттер шығарылады. Медпленка, мусор, фасовка, бәрін жасаймыз. Біз шығарған пакеттердің қоршаған ортаға зияны жоқ.

Кәсіпорын қаладағы индустриалды аймаққа орналасты. Бұл жерден 1 гектар жер алып, үлкен өндірістік нысан салды. Кәсіпкер бұған дейін ғимаратты жалға алып, біраз қиындық көргенін айтады. Қазір жеңілдетілген несиеге қол жеткізіп, кәсібін кеңейткен жайы бар . Бір мәселе, экопакеттерді сату оңай болмай тұр. Пакет құрамындағы ерігіш ұнтақ қоспаны қымбатқа сатып алатындықтан, өнімнің бағасы 6-7 пайызға жоғары.

Бауыржан Жүсіпов, кәсіпорын басшысы:

- Оны арзандату үшін біз қазір Жапониялық фирмамен шешімге келейін деп жатырмыз. Сол қоспаны өзіміз осы жақта шығарамыз. Оны ары қарай сатамыз. Сол кезде баға кәдімгі, күнделікті қолданыстағы пакеттен айырмашылығы болмайды.

Жаңа өнімге Қостанай, Орал мен Астанадан сұраныс түсе бастады. Экопакеттің бағасына қарамай тапсырыс беретіндердің көбі, қоршаған ортаның ахуалына алаңдайтындар. Ақтөбенің өзінде екі ірі супермаркет желісі экологиялық таза пакеттерді қолдана бастады.

Авторлары: Ақсәуле Байменшина Болат Молдағалиев

Осы категория бойынша: « Иракта билікке қарсы ереуіл ушығып барады Ақтөбеде аллергиялық ауруға шалдыққандар саны артты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы