365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлда абаттандыру жұмыстары қарқын алды

  • 160
Петропавлда абаттандыру жұмыстары қарқын алды

Петропавлда саябақтар мен көшелерді көркейту жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр.

Биыл аталған шаруаға 350 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді. «Бұл бұрынғы жылдармен салыстырғанда, әлдеқайда көп», – дейді мамандар. Көктем айларынан бастап облыс орталығын көгалдандыру үшін 1 мың 600-ден астам қарағай, қайың және шырша отырғызылды. Сондай-ақ 20-ға жуық ғимараттың қасбеті сырланған. Жолдарға гранитті жиек-тастар орнатылып жатыр. Мұнымен қоса, тоғыз көшеде жарық шамдары жаңасына алмастырылмақ. Ал күзге дейін 100-ден астам аулаға жаңа алфальт төсеу жоспарланып отыр.

Асхат Рамазанов, қалалық әкімдік бөлімінің бас маманы:

– Көшелердегі бұрынғы бетон бағаналарын алып тастап, металдан орнатып жатырмыз. Және де энергия үнемдейтін арнайы шамдарды таңдадық. Ең бастысы, олар түнде жақсы жанады. Әрі бұл лампалар бюджет қаржысын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Осы категория бойынша: « Өскеменде жылан жайлаған аудан тұрғындары алаңдаулы Шетелдік сәулетшілер елордада Еуразиялық сәулет академиясын ашуды ұсынды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы