364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚР АШМ Қарағанды облысында жаңа форматта жиын өткізді

  • 188
  • UPD: 22:14, 16.07.2018

Ауыл шаруашылығы министрлігі өткізген жаңа форматты жиын «Іскерлік ойын» деп аталады.

Қарағанды облысының кәсіпкерлері, ғалымдар, министрлік пен жергілікті әкімшілік өкілдері бірнеше топқа бөлініп, ет шаруашылығын дамытудың жолдарын бірге іздестірді. Пікірталасқа екі мәселе өзек болды. Біріншісі – жерге және жеңілдетілген несиеге қол жеткізу болса, екіншісі – шаруашылық жүргізудің технологиясы. Сұрақ-жауап барысында тараптар өз ойларын ортаға салып, көкейлеріндегі сауалдарға жауап алды. Сондай-ақ шара аясында етті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы таныстырылды. Айта кетейік, осыған дейін бұл форматтағы жиын Ақмола облысында өткен болатын. Алдағы уақытта еліміздің барлық өңірлерінде ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Арман Евниев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары:

– Субсидия қалай алынады, қалай алуға болады? Қаражатқа қалай қол жеткізуге болады? Осындай мәселелер көп. Жерді рәсімдеу, әкімшіліктер де оған көп құжат сұрайды.

Осы категория бойынша: « Қазақстандық үздік авторлардың туындылары БҰҰ-ның алты тіліне аударылады Атырау көк түтіннің құрсауында қалды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы