365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Парламент мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бірнеше заңға өзгертулер енгізбек

  • 257
  • UPD: 23:11, 17.07.2018

Парламент мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бірнеше заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізуді көздеп отыр.

Осы мақсатта 2 Кодекс пен 16 заң жобасын қарастырмақ. Бұл туралы бүгін мәжілісмендер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ұжымымен кездесу барысында мәлім етті. Депутаттар «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында мемлекеттік қызмет түрлерін түгелдей электронды форматқа көшіру жайын қарастырмақ. Қазір тұрғындарға 746 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, соның 621-і Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүргізіледі. Сондай-ақ кездесу барысында депутаттар Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы бойынша сұрақтарға жауап берді.

Ерсұлтан Бектұрғанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Біздің осы сапардағы алға қойған мақсатымыз – Елбасының 5 бастамасын елге жеткізу. Сол 5 бастама бойынша қандай істер атқарылды, соны жеткізу. «Нұр Отан» партиясының кейінгі кезде істеліп жатқан істері туралы және оның жаңғыру дәуіріндегі істері туралы халыққа, сайлаушыларға жеткізу.

Осы категория бойынша: « Қазақ елі З.Шәріпованы ақтық сапарға шығарып салды СҚО-да мал мен құс жаппай қырылуда »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы