366.86 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавл алдағы жылу маусымына 23 пайызға ғана дайын

  • 230
  • UPD: 15:27, 23.07.2018
Петропавл алдағы жылу маусымына 23 пайызға ғана дайын Сонник I-SONNIK.RU

Бүгінде 230 көпқабатты тұрғын үйдің құбырлары жуып-шайылған.

Қалғандары бұл жұмысқа немқұрайлы қарап асықпай отыр. «Бұл жылда қайталанатын жағдай», – дейді әкімдік қызметкерлері. Олардың айтуынша, тұрғындар жаз бойы жүріп алады. Осыдан соң күздің қара суығында жанталаса бастайды. Тағы бір мәселе: қазір қаладағы 250 көпқабатты үйдің пәтер иелері кооперативі жоқ. Мамандар болса биыл жылу жылдағыдан бір айға ерте қыркүйектің 15-інен бастап беріледі деп ескертті. Сондықтан дайындықты уақтылы жүргізген жөн.

Анатолий Мишин, қала әкімінің кеңесшісі:

- Тұрғындар жылыту маусымына дайындалмау үшін сан себеп табады. Дені «ақша жоқ» дейді. Бір көпқабатты үйдің құбырларын жуып-шаю құны 15-18 мың теңге тұрады. Көп емес қой. Бұл өздеріне керек екенін адамдар түсінбейді. Біреу келіп істеп береді дегенге сеніп алған.

Хабар 24 телеарнасы