365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавл тұрғыны көпқабатты үйлердің бірінде бомба бар деп өтірік айтқан

  • 210
  • UPD: 18:11, 24.07.2018

Жалған қоңырау үшін жаза қатаң.

Петропавл қаласының тұрғыны полицияға хабарласып, көпқабатты үйлердің бірінде бомба бар деп өтірік айтқан. Енді осы қылығы үшін алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Орталыққа суық хабар түсе салысымен, барлық күштік құрылымдар аяғынан тік тұрды. Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары 300-ден астам адамды қауіпсіз жерге көшірді. Бірнеше сағатқа жалғасқан операциядан кейін ешқандай жарылғыш табылмады. Қазір жалған қоңырау шалған азамат уақытша ұстау абақтысына қамалған. Қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жалпы жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында осындай 7 оқиға тіркелген.

Азамат Хасенов, облыстық ІІД экстремизмге қарсы күрес жөніндегі басқармасының аға жедел уәкілі:

- Жалған ақпар таратқан азамат осы үйдің тұрғыны болып шықты. 25 жастағы азаматтан телефонмен сим-карта тәркіленді. Наркологиялық орталықта апарғанда оның масаң күйде болғандығы  анықталды.

Осы категория бойынша: « Қазақстанда 124 домендік атау бұғатталды Қылмыскерді оқиға орнында қалған иісі арқылы табуға болады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы