368,46 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда мамандар латын әліпбиі бойынша мәселелерді талқылады

  • 366
  • UPD: 07:45, 25.07.2018

Латын әліпбиі – әлем қазақтарының рухани тұтастығының негізі. Сонымен қатар күллі түркітілдес халықтардың басын қосып, бірлігін арттыруға септігін тигізеді.

Алматыда ғалымдар мен қоғам қайраткерлері, ғылыми зерттеу институттарының мамандары бас қосып, кезең-кезеңмен жүзеге асырылып жатқан жұмыстарды талқылады. Латын әліпбиі жобасын жүзеге асыруда кездесетін түйткілді мәселелер мен оны тиімді шешу жолдары туралы ойларын ортаға салды. Жоспар бойынша бірінші кезеңде емлелердің орфографиялық үлгісі мен нақты ережесі жасалып, Ұлттық орталыққа өткізілуі тиіс. Халық арасында осындай сараптамалық зертеу жұмыстары жыл соңына дейін жалғасады. Сонымен қатар,  орталық мамандары  сандық технологияның көмегіне жүгіну қажеттігін айтып отыр. Ол үшін ұялы телефонға арнайы бағдарлама енгізілмек. «Латын әліпбиін оңай үйрену әдісі жасалса,  жұртқа  қолжетімді болады» дейді тіл мамандары.  

Ғарифолла Есімов, «Тіл-Қазына» орталығының бас директоры:

- Ғалымдар ғылыми жағын жасап жатыр. Бірақ ғылыми мәселені жұртқа беріп жібермей соны жұртқа ыңғайланған, нақтыланған содан түсінікке  жеңіл жағын қарастырып жатырмыз.

Осы категория бойынша: « Қарағандының денсаулық сақтау нысандары жөндеуден өткізіледі Таразда жылу жүйелері жаңартылып жатыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы