365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізден 104 шетел азаматы шығарылды

  • 233
  • UPD: 19:14, 30.07.2018
Елімізден 104 шетел азаматы шығарылды

Ақтөбе облысының аумағында заңсыз жүрген 104 шетел азаматы елден шығарылады.

Көші-қон туралы заңды өрескел бұзғандарға қатысты соттың шешімі шықты. Облыстық Ішкі істер департаментінің көші-қон қызметі өткізген жедел алдын алу шарасы кезінде 535 адам жауапкершілікке тартылған. Оның басым бөлігі Орта Азия мемлекеттерінің азаматтары. Облыс аумағына заңсыз келген 15 Қытай азаматы да шекарадан шығарылатын болды. Ал еңбек мигрантын заңсыз пайдаланған Қазақстан азаматтарына айыппұл салынады. «Заңсыз келуші» шарасы кезінде барлық құрылыс нысаны мен базарлар тексерілді. Тәртіп сақшыларының айтуынша, жаз мезгілінде сырттан ағылатындардың саны артады.

Бекболат Бұқбанов, ІІД көші-қон қызметі басқармасының инспекторы:

- Профилактикалық іс-шара облыс деңгейінде де, республика деңгейінде жиі жүреді. Оның мақсаты – заңсыз келген шетелдіктерді анықтау. Немесе заңсыз жұмыс күшін пайдаланып жүрген ҚР азаматтарын анықтау. Әсіресе ТМД елдерінен, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзербайжаннан келеді. 5 күннің ішінде тіркеліп, белгіленген уақытта жұмыс жасауға рұқсат алып, тіркелген жерде ғана жұмыс істеу керек.

Осы категория бойынша: « Қарағанды облысында жөндеу көрмеген тұрғын үй тұрғындарды әбігерге салды Алғашқы көмек көрсетуді білесіз бе? »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы