365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне көне сандық тарту етілді

  • 263
Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне көне сандық тарту етілді

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі тағы бір құнды жәдігермен толықты.

«Музейге сый тарту» акциясы аясында 19-ғасырдың басында жасалған көне сандықты мұражайға жергілікті тұрғындардың бірі тапсырған. Сондай-ақ өңірде облыстық тарихи-өлкетану музейі және Асанәлі Әшімов шығармашылық орталығы қайта жөндеуден өтіп, бұдан өзге тағы 3 мұражай ашылады.

Көне жәдігердің іші ағашпен қапталып, сырты геометриялық бағытта безендірілген. Мамандардың айтуынша, сандыққа батыс өңірінен ұзатылған келіншектің артынан жасауы салынып келген. Ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан бұйым бүгінге күнге аман есен, сол қалпында жеткен.

Жамал Ақпан, облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері:

– Тараз қаласының тұрғыны Кенжежан Сауранбеков музейге сый тарту акциясы аясында өзінің ата бабасы қолданып келген, әжесінен жеткен дүниені тарту ретінде сыйға берді.

«Музейге сый тарту» акциясы аясында музей қоры Кеңес одағының батыры Саду Шәкіровтың пайдаланған текеметімен толықты. Батырдың ұрпағы Сәкен Шәкіров атасының тұтынған затын музейге тапсыруды жөн көріпті.

Ғалия Әлімжанова, облыстық тарихи-өлкетану музейі директорының орынбасары:

– Мұндай акция тұрғындардың өлке тарихына деген қызығушылығын оятуға, қызықтыруға жақсы ықпал етеді. Тарихи құндылықтарды қастерлеп, сақтауға деген құрметтерін көре аламыз. Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі және де А.Әшімов шығармашылық орталығы қайта жөндеуден өтеді, Сонымен қатар «Даңқ», «Желтоқсан», «Ж.Жабаев» атты музейлер ашылады деп жоспарлануда.

Музейге сый тарту шарасы басталғалы, тарихи өлкетану музейіне 27 экспонат тапсырылған. Бүгінгі күні мұнда 66 мыңнан астам құнды жәдігер бар. Өңірде тағы үш музей ашылса, қала тұрғындары мен қонақтарына туған жердің шежірелі тарихын таныстыруға мүмкіндік молаяды.

Авторлары: Қырмызы Жексенбек, Бақытжан Бапаев, Руслан Ахатіллә

Осы категория бойынша: « Түркістан облысындағы Шаян елді мекеніне алғашқы кәріз жүйесі орнатылуда Ақтөбелік оқушылар Сарыарқа өлкесінің тарихымен танысты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы