374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда гепатит вирусын жұқтырғандар саны артып барады

  • 203
  • UPD: 19:41, 01.08.2018

Жыл басынан бері қалада 6 мыңнан аса тұрғын қауіпті дертке шалдыққан. Оның жартысынан көбі ересектер.

Гепатологиялық орталық қызметкерлерінің айтуынша, бұл вирус адамдарға қан арқылы жұғады. Сондай-ақ жеке тазалық талаптарын сақтамағандықтан осындай дертке душар болады. Ең қауіптісі – гепатит жұқтырған адамда ешқандай белгілер байқалмайды. Тек ауру асқынған кезде ғана науқастар емханаға келеді. Сондықтан кім де болсын жиі профилактикалық тексеруден өтіп тұрғаны дұрыс дейді дәрігерлер. Өйткені дерт асқынып кетсе, бауыр обырына шалдығуы әбден мүмкін. Ал ол кезде науқастардың қауіпті дерттен құлан таза айығып кетуі қиынға соғады. Қазір мамандар гепатит жұқтырған науқастарға тегін дәрі-дәрмектер беріп, арнайы вакцина егіп жатыр.  

Ақтоты Абат, гастроэнтеролог:

– Гепатиттен жазылуға болады. Қазір жаңа емдер жоспарланып жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінен жаңа препараттар келіп жатыр. «В» гепатитіне қарсы жаңа дәрі келді. Данофобир деген препаратпен емдеп жатырмыз. Ал «С» гепатитіне осы 2018 жылы жоспарланған.

Осы категория бойынша: « Отандық ғалымдар сутегі газын өндіруге дайындалып жатыр СҚО ауылында бруцеллезге шалдыққан мал иелеріне өтемақы төленді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы