374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордалық ПИК-тер міндеттемелерді тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды

  • 160
  • UPD: 12:46, 02.08.2018
Елордалық ПИК-тер міндеттемелерді тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды КазТАГ

Соңғы екі айда жүргізілген тексеру барысында өздеріне тиесілі міндетін орындамаған 8 ПИК-ке қатысты сот органына іс жөнелтіліп, айыппұл салынды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Осы жылдың мамыр айында өткен жиында Әсет Исекешев тұрғын үйлерге қызмет көрсетудің сапа мәселесі Астана қаласы әкімдігі қызметінің басты артықшылығы екенін айтып өткен болатын. Тұрғын үйлердің жағдайы мен оны күтіп ұстауды жақсарту мақсатында әкім бақылау және қалалық сапалы орта басқармасына қызмет көрсететін ұйымдарға қатысты жүйелі түрде тексеру жүргізуді тапсырды. Яғни онда инженерлік желінің жағдайы, сыртқы қасбеті, төсем,  подъезд, ғимараттың жертөлесі, жылу маусымына дайындық,  дезинфекция және дератизациялық жұмыстарын жүргізгенін анықтау, лифтіге қызмет көрсететін ұйымдардың жұмысын бақылау. 

Бүгінде астана аумағында  кондоминиум объектілеріне қызмет көрсететін 486 ұйым бар. Соңғы екі айда 107 ПИК-ке қатысты жүргізілген тексеруден кейін нәтижесінде анықталған кемшіліктерді жоюға ұйғарым берілді. Айта кетейік, ұйғарымның 55-і орындалды, 17-сі орындалу кезеңінде, ал 27-сіне қайта тексеру ашылды. Осы тексерілген 107 ұйымның ішінен бақылау және қалалық сапалы орта басқармасы сот органына сегіз іс жолдады: ПИК және «Адал» НП,  «Арман 11» ПИК,  «Тұрмыс» ЖШС, ОЗП «Сайран» ТК, ОЗП «Көктем» ТК, «МСУ Сервис» ЖШС және «Орталық» НП, «Ақиқат» ПИК. Өзіне тиесілі міндетін атқармағаны үшін «Сайран» ҚБ, «Тұрмыс» ЖШС, «Адал» ПИК-ке қатысты сот әкімшілік айыппұл өндіру ұйғарымын шығарды. Ал ағымдағы ашылу мерзімін және жинақ есепшоты мен ай сайын кондоминиум объектілерін басқару бойынша есеп тапсыруды бұзуына байланысты басқарма «МСУ Сервис»  ЖШС, «Көктем» ОЗП ТК, ПИК және «Орталық» қызмет көрсететін ұйымның жұмысының ашықтығын бұзып, заңды сақтамаған. Сонымен бірге қазіргі таңда 5 қызмет көрсетуші ұйымға қатысты сот ісі жүргізілуде. 

Естеріңізге сала кетейік, жыл соңына дейін тұрғын үйлерге қызмет көрсететін ұйымдардың сапасын жақсарту мақсатында Астана қаласы әкімдігі барлық ПИК-тер мен елордадағы қызмет көрсететін ұйымдарды тексеруді аяқтайды. 

ПИК қызмет көрсету сапасы бойынша немесе қызмет көрсететін ұйымдардың жұмысын жақсарту мақсатында ұсыныс енгізу үшін астананың кез келген тұрғыны қызмет көрсететін ұйымға өтініш беруіне құқы бар. Егер ПИК өтініш шағымыңызға назар аудармаса сіз жазбаша немесе электронды түрде «Астана қаласы бақылау және қалалық сапалы орта басқармасы» МБ электронды цифрлық қолтаңба арқылы жүгіне аласыз. Мекенжайы: Достық к, 13,  (байланыс нөмірі: 8  (7172) 55 75 39,  8 (7172)   55 75 26) және 109 нөмірі бойынша iKOMEK порталына жүгініңіз.

Осы категория бойынша: « Ақтөбе облысында мал ұрлығы өршіп тұр Астанада 4-5 тамыз күндері Жамбыл облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы